Семейлік жастар Африка халқына құдық қазып берді

Семейлік жастар Африка құрлығындағы ауызсуға мұқтаж халыққа құдық қазып берді, деп хабарлайды 24KZ. Қазақстан атынан сыйға тартылған құдық Камерун мемлекетіндегі Мазаки елді мекенінде орналасқан.

«Жастар Семей» қоғамдық қоры «Даймохк» қайырымдылық қорымен байланыс орнатқан. Нәижесінде құдық қазу үшін екіжақты келісім жасалды. Құрылысы былтыр желтоқсан айында басталып, үш аптада аяқталды. Мазаки ауылының тұрғындары бұған дейін өзен суын ішіп келген. Бүгінде таза ауызсуға қол жеткізді.

Жалпы қоғамдық қорға мыңнан астам облыс жастары мүшелікке тіркелген. Олар жобаны іске асыру үшін шамамен 4 ай уақыт жұмсаған.

Жәнібек Қабдуллин, қоғамдық қор директоры:

- Алғашында бұл жобаны іске асыру мүмкін еместей көрініп еді. Бірақ жұмысты бастап кеткен соң орындалмайтын дүние жоқ екенін тағы бір мәрте ұқтық. Қажетті құжаттарды әзірлеп, ақша жинай батадық. Қазан айында мердіәгер ұйымның ақшасын төледік. Бұл бізге өте үлкен қуаныш сыйлайды. Бұл елдің халқы үшін, балалар үшін таза судың болуы – үлкен қуаныш.