Сталкинг ұғымын түсіндіруге уақыт керек – Депутат

Мәжіліс депутаты Абзал Құспан азаматтарымыз жаңа заң нормасына әлі дайын емес.

Ол үшін алдымен ақпараттық, ағарту жұмысын жүргізу керегін айтып қалды. Неге олай деді?

- Депутаттың олай деуіне салмақты себеп бар. Өйткені қазақстандықтар киберсталкинг, жалпы сталкинг ұғымын жете түсіне бермейді. Шолуға дайындық кезінде, ютуб, телеграм мен инстаграмда арнайы сауалнама жүргізген едік. Онлайн режимде адамның қыр соңына түсуді - ютуб қолданушыларының көбі кибербуллинг деп түсінеді екен. Ал телеграмда үштен бірі киберсатлкингті дөп тапқан. Көбі бұл ұғымды түсіне бермесе де, одан қауіп барын сезеді. Киберсталкинг жағдайлары туралы мүлде естіп білмегендердің үлесі 60-80 пайыз аралығында.

Мәжіліс депутаты: Сталкинг ұғымын түсіндіруге уақыт керек

Жалпы адамның соңынан түсу, жеке шекарасын құрметтемеу, оның ішінде заманауи технология, гаджеттерді қолданып аңду – адамның конституициялық құқығын бұзғандық деп саналады. Ең алдымен бұл моральдық-рухани тұрғысынан дұрыс емес. Екіншіден, құқықтық тұрғыдан заң бұзушылық саналуға тиіс.  Қазақстанда қылмысты тіркеу, қылмыстық істі қозғау және соттау тәртібі бар. Ал адамды аңду қолданыстағы кодекстерде нақты қылмыс түрінде белгіленбеген. Сондықтан, құқықтық органдар оны кішігірім бұзақылық ретінде қарастырып, жаза тағайындауы, немесе істі мүлде іс қозғамауы мүмкін. Ал енді «бұқараның сталкинг пен киберсталкинг ұғымын түсінуіне біраз уақыт керек» дейді, Абзал Құспанов. 

Абзал Құспан, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты:

- Біз аудармасын қолданбадық, осы күйінде қалдырып отырмыз. Бізде жалпы бірнеше баптар бар кейінгі кезде халықаралық терминологиямен кіріп отырған. 08:19 + 08:43- Қалай болғанда да 21 ғасыр, интернет заманы, елді халықты ақпараттандыру, құлақтандыру оңай. Кез-келген азамат гуглға салса да, жасанды интеллектіге салып қараса да азаматтардың бұны қабылдау, түсіну өз басым қиынға соқпайды деп ойлаймын.

Киберсталкинг: халықаралық тәжірибе

Жалпы кибербуллинг пен киберсталкинг қатар қолданылатын ұғым. Өйткені, адам соңынан аңду бұл да қысым көрсетудің бір түрі. Жасыратыны жоқ, көп адам онлайн буллингтен қорқады. Статиста.ком порталының мәліметінше, Сингапур халқының тең жарымына жуығы кибербуллингтен қауіптенеді. Сол сияқты Австралия мен Оңтүстік Африка тұрғындарының 46 пайызы интернеттегі қорлауға тап болғысы жоқ. Осы сияқты Италия, Канада, Германиядағы онлайн қолданушылардың бойын үрей қысқан. 17 елде жүргізілген зерттеудің нәтижесі осы. Оған қатысқан елдер тұрғындарын қоса алғанда орта есеппен 40 пайызға жуығы кибербуллинг пен киберсталкингтен сақтанғысы келетінін білдірген. 

Жаһандағы кибербуллигтен қауіптену көрсеткіші

(statista.com /2023 ж.)

Сингапур – 49%

Австралия – 46%

Оңтүстік Африка - 46%

Италия - 42%

Канада - 41%

Германия - 41%

Орташа көрсеткіш: 39% 

Киберсталкингті жеке қарастырып, мәселені зерттеу жөнінен озық елдердің бірі – АҚШ. SAFEHOME.ORG  порталының былтырғы дерегі бойынша, 7,5 млн америкалық жыл сайын киберсталкингке ұшырайды. Жалпы, 67 пайызы сталкер көшеде қыр соңынан түскенін айтады. Ал 80 пайызын гаджет, интернет арқылы онлайн аңдыған екен. Сталкинг құрбандарының 69%-ы  үрейленіп, күйзеліске ұшыраған. Онлайн аңдуға тап болғандардың психологиялық жай-күйі бұдан да нашар. Айта кетерлігі, сталкинг құрбандарының 67% онлайн аңдушысын таниды. Киберсталкердің 61% смартфондағы қосымшалар, смс, электронды пошта мен аңдып жүрген адамдарының аккаунтарын бұзу үшін вирус пен фишингті қолданады.

АҚШ-тағы сталкинг пен киберсталкинг статистикасы (SAFEHOME.ORG  / 2024 жыл) 

  • Жыл сайын киберсталкингке ұшырайды - 7,5 млн адам
  • Онлайн аңдушысын таниды - 67%
  • Сталкинг құрбандарын онлайн аңду - 80% 
  • Сталкинг салдарынан күйзеліске ұшырайды - 69%
  • Киберсталкинг құрбандарының күзелуі - 70% > 

БАҚЫТ:  АҚШ-тың федералды тергеу статистикасына үңілсек: киберсталкердің 61 пайызы  құрбандарына смс хабарлама, электронды пошта, мессенджерде маза бермеген. Сондай-ақ 49% бейнебақылау камерасы, фото сурет, скриндерді қолданып қорқытқан. 43% әлеуметтік желідегі жүріс-тұрысын бақса, 16 пайызы арнайы траккингті тоқтататын сайттар мен құпия коммуникация көздерін қолданды. Вирус, фишинг тәсілімен аккаунтқа хаккинг жасап, адамдардың жеке мәліметіне қол сұққандары - 10 пайыз. Тағы 7 пайызы GPS және шпиондық килоггер технологиясын пайдаланады.

Киберсталкингте қолданылатын әдіс-тәсіл, технология

(АҚШ статистикасы/ 2023 ж.)

СМС хабарлама, электронды пошта, мессенджер - 61%

Камера, фото, скриндер - 49%

Әлеуметтік желілер - 43%

Тракингті тоқтататын сайттар, анонимді коммуникация - 16%

Хаккинг: вирустар мен фишинг - 10%

GPS, шпиондық кейлоггер технологиясы - 7%  

- Киберсталкердің GPS, шпиондық қосымшаны қолданғанын қалай білуге болады?

Егер телефон батареясы тез отырып қалса, смартфондағы жады аяқ астына толып кете берсе – көңілге күдік ұялауы тиіс. Сондай-ақ смартфонға трекингті орнату үшін сталкер үшін телефон қолжетімді болуы тиіс. Смартфоныңызды кез келген уақытта алып қойып, жүйені орнататын жанды алыстан іздемеу керек.

- Киберсталкингтен сақтану жолдары бар ма?

Киберқауіпсіздік мамандары әдетте кибергигиенаны сақтау керегін айтады. Сондай-ақ смартфон мен компьютерге траккингті анықтайтын арнайы бағдарлама орнатуға болатынын айтады.