Қазақстан әуе қауіпсіздігі бойынша ТМД-да көш бастады
Біздің ел ұшу кезіндегі қауіпсіздік бойынша ТМД аумағында алда тұр.
Халықаралық стандарттарға сәйкестік 82%-ға бағаланған. Бұл туралы көлік министрлігі мәлімдеді. Жалпы Еуропаға шаққанда, біздегі қауіпсіз ұшу көрсеткіші Дания, Польша елдеріне ұқсас. Мамандар жыл сайын әуе тасымалы 10-15 пайызға өсіп жатқанын айтады. Мәселен былтыр 15 млн жолаушыға қызмет көрсетілді. Әуе паркінде 102 ұшақ бар. Оның дені АҚШ-та жиналған. Ұшақтардың басым бөлігі 13 жыл бойы қызмет етіп келеді. 30 жылдан асқандары да бар. Десе де, салада кейінгі 5 жылдан бері реформа жүріп жатыр. Мамандар енді азаматтық авиацияны дамыту жобасын жасақтау қажет дейді. Әзірге 20-дан астам әуежайды инвесторларға беру жоспарланып отыр. Қазір отын тапшылығы өзекті. Елдің азаматтық авиация саласы жылына 500-600 мың тонна авиаотын тұтынады.
Жыл сайын әуе тасымалы 10-15↑
2024 - 15 млн жолаушы
Жолаушы тасымалында - 102 ұшақ