Қазақстандық жауынгерлер филиппиндік жекпе-жек өнерін меңгеріп жатыр

Қазақстандық жауынгерлер филиппиндік жекпе-жек өнерін меңгеріп жатыр.

"Сандато Камао" әскери дайындық пен көшеде өзін өзі қорғау үшін пайдаланылады. Бұл әдіс қолына пышақ алған қылмыскерді залалсыздандыру мақсатында қолданылады. Негізінен бұл ұрыс жүргізу өнері арнайы жасақ жауынгерлеріне ғана үйретіледі.

Риат Шони, тілші:

- Бес қаруын сайлаған жауынгерлер ұрыс кезінде мына құралдардың барлығын қолдана білуі керек. Ол үшін арнайы бөлімшелер арасында тиісті курстар ұйымдастырылып тұрады. Биыл сарбаздар sandato kamao атты филиппиндік жауынгерлік ұрыс өнерін меңгеру үстінде.

- Таяқпен шығады мойыннан ұрады. Дәл мойынға тіреді. Сондықтан встречный удар...

Sandata Kamao — бұл филиппиннің дәстүрлі жекпе-жек өнерінің бір түрі. Көбіне әскери дайындық пен көшеде өзін-өзі қорғау үшін пайдаланылады. Қазақстандық сарбаздар бұндай стильдегі жаттығуларды 2019 жылдары бастаған.

Ерік Шәріпов, нұсқаушы:

- Бізде базовый подготовка 10 күндей болады. Оның ішінде 4 этаптан өтеді. 

Жалпы айтқанда бізде қазіргі уақытта «А» қызмет, «Сұңқар» арнайы мақсаттағы бөлімшесі өткен. Қазір ҰҚК шекара қызметінің «Боран» арнайы мақсаттағы бөлімшелері, ІІМ СОБР, «Арлан» өткен. Қазір бірінші рет ССО өтіп жатыр.

Бұндай курстар негізінен арнайы жасақ жауынгерлері үшін өткізіледі. Себебі бұл сарбаздар ең қиын деген тапсырмаларды орындайды. Мәселен диверсиялық шабуылдар. 

Албан, ҚР ҰҚК Шекара қызметі «Боран» арнайы жасағының жауынгері:

- Негізгі мақсаты қарсыластардың көзін үнсіз және кенеттен жою болып саналады. Арнайы тапсырмаларды орындау диверсия және барлау-іздеу жұмыстарында сақшылардың көзін жою кезінде қолданылады. Біз кез келген жерде кез келген уақытта кез келген тапсырманы орындауға дайын болуымыз керек. Қауіпті шеберлік Отанның берік игілігіне ғана қызмет етуі керек.

Жауынгерлік тапсырма орындау барысында түрлі кездейсоқ жағдайлар болуы мүмкін. Сарбаздың оғы бітіп қалады немесе қылмыскер қолына пышақ ала жүгіреді. Сондай сәтте қарсыласты осы филиппиндік ұрыс өнерінің арқасында тоқтатуға болады.

Жылдам қимылдайтын арнайы жасақ инспекторы:

- Пышақ қолжетімді суық қарудың бірі болғандықтан кез келген адам шақыртуға барған полиция қызметкерлеріне күтпеген жағдайда пышақпен шабуыл жасауы мүмкін. Сондықтан соның бетін қайтару үшін біз осы пышақ ұрысын үйреніп, біліктілігімізді арттырып жатырмыз.

- Дайындал дейді. Баста деген кезде бір, екі, үш. Түсінікті иә. Оң жақ таза, сол жақ таза.

Негізі Sandata Kamao филиппиндік жауынгерлік жекпе-жек өнері 12 деңгейлі курстан тұрады. Шеберлігіне қарай түрлі түсті белбеу иегері дәрежелері беріледі. Биыл біліктілігін шыңдаған жауынгерлік жасыл белбеу иеленді.

Риат Шони