2024 жылы елімізде 328 бала жол апатынан қаза тапты
Тас жол темірдей тәртіпті талап етеді.
Былтыр елде кәмелет жасқа толмағандардың қатысуымен 8,5 мыңнан астам апат тіркеліп, 328 бала қаза тапқан. Ал жарақат алғандардың саны 10 мыңнан асты. Осыған байланысты полицейлер елордалық оқушылармен кездесіп, жол жүрісі қағидаларын түсіндірді. Интерактивті сабақтар барысында балаларға жолдан қалай дұрыс өту керектігін үйретті. Белгілер мен реттеу сигналдары жайлы айтылып, төтенше жағдайда қалай әрекет ету керектігі көрсетілді. Іс-шараны өткізуге жас инспекторлар да қатысты.
Нариман Берік, Дулат Бабатайұлы атындағы №89 мектеп-лицейдің оқушысы, қозғалыстың жас инспекторы:
- Елдегі жол апатын азайту менің ойымша өте маңызды. Менің ойымша, қазіргі кезде тек жүргізушілер ғана емес, жаяу жүргіншілер мен балалардың жол ережесін білу өте қатты маңызды.