Шымкентте апатты көпір жөнделеді
Шымкентте Қойгелді батыр көшесіндегі аспалы көпір күрделі жөндеуден өтеді, деп хабарлайды 24KZ. Бұған қала бюджетінен жарты миллиард теңге бөлінеді.
Сараптамаға сәйкес нысанның бетон элементтері, іргетасы мен тіректері бүлінген. Жөндеу көрмегеніне 40 жылға жуықтап қалған. Әзірге көлік қозғалысына шектеу қойылмайды. Себебі мамандардың айтуынша, оның жақын арада қирап кетуіне қауіп жоқ. Қазір нысанның жобалық-сметалық құжаттамаары әзірленіп жатыр. Мегаполисте осы сынды 30 ірі көпір бар.
Өмір Қалыбаев, қалалық жолаушылар көлігі және автожолдар бөлімі басшысының орынбасары:
- Жобалық-сметалық әзірледік. Сол ЖСҚ негізінде аталған көпірді күрделі жөндеуден өткіземіз. Оны қазір бюджетке енгіздік, биыл наурыз айында қолдау тапқан жағдайда аталған көпірді күрделі жөндеуден өткізуді бастаймыз.