Түркияда жалпыхалықтық сайлау өтіп жатыр
Туыстас жұрт бүгін президент пен Парламент депутаттарын сайлайды.
Таңғы сағат 08:00-де басталған науқан жергілікті уақыт бойынша кешкі беске дейін жалғасады. Қазір 191 мыңнан астам сайлау учаскесі жұмыс істеп тұр. Онда 60 миллионнан астам дауыс беруші өз таңдауын жасауы тиіс. Апаттық аймақтағы 14 провинция да науқанға қатыса алады. Естеріңізге сала кетейік, президенттікке үш адам үміткер. Қазіргі мемлекет басшысы, Әділет және даму партиясының жетекшісі Режеп Тайып Ердоған, «Халық альянсы» партияларының бірыңғай кандидаты Кемал Кылычдар-оғлу және АТА альянсынан Синан Оған сайлауға түсіп жатыр.