Торонтоның басшысының орнына 102 адам таласады
![Торонтоның басшысының орнына 102 адам таласады](/media/k2/items/cache/4790c723eb9228715b7a04def70ab78b_XL.jpg)
Канаданың Торонто қаласының мэрі лауазымына 102 кандидат сайлауға түседі, деп хабарлайды «Хабар 24».
Тұрғындар өз таңдауын маусым айының соңында жасайды. Десе де бұл орынға үміткер әуелден-ақ көп болатын. Мәселен, 2014 жылы сайлауға 65 кандидат қатысқан. Қалалық кеңес бұл жолы да барлық үміткерді тіркеген.