Газа секторында егін қурап жатыр
![Газа секторында егін қурап жатыр](/media/k2/items/cache/7ef8b3e63f572e8ff756965b98b14381_XL.jpg?t=20230530_021833)
Газа секторындағы шаруалар биыл өнімсіз қалуы мүмкін.
Өйткені егіс алқаптары айлар бойы су көрмеген. Өңірде жауын-шашын мөлшері өте аз болғандықтан шаруа қожалықтарының егіні қурап барады. Ауыл шаруашылығы министрлігі өкілдерінің айтуынша, биыл бидай жиыны былтырмен салыстырғанда 4 мың тоннаға дейін төмендеп кеткен.
Итаф Кудеи, шаруа:
- Былтыр жауын-шашын көп болып, бидай мол шыққан еді. Ал биыл жағдай мүлдем басқа. Соның кесірінен жиын да аз. Бұрын осы жерден бір тонна бидай алушы едік, жауынның жоқтығынан қазір жиын 3 есе азайып кетті.