Суданда қарулы қақтығыс тоқтар емес
Судан астанасындағы базарлардың бірінде атыс болып, 27 адам опат болды, деп хабарлайды «Хабар 24».
100-ден астам азамат жарақат алды. Негізі тараптар атысты тоқтату туралы уақытша бітімге келген. Бірақ соған қарамастан билік армиясы мен Жедел әрекет ету күштері әлі күнге дейін бір-біріне оқ жаудырып келеді.
Естеріңізде болса, елдегі қарулы қақтығыс сәуірде басталды. АҚШ пен Сауд Арабиясының келіссөздерге араласуына қарамастан тараптар сол күйі ортақ келісімге келе алмады.