Үндістанда толассыз жауын су тасқынына ұласты
![Үндістанда толассыз жауын су тасқынына ұласты](/media/k2/items/cache/54ce967e8e6819546c270bd0dc42aafe_XL.jpg?t=20230616_081358)
Үндістанда "Бибарджой" дауылы әлек салып жатыр.
Елдің батысында соққан күшті жел, ағаштар мен электр бағандарын опырып, үйлердің шатырын жұлды. Кеше түннен бастап құйған жауын-шашын, тек, таң ата ғана басылып, көшелерді суға толтырды. Бұған дейін "Бибарджой" дауылының салдарынан 7 адам опат болған еді. Табиғи апат көршілес Пәкістанға да үлкен зардап әкелді. Төтенше жағдайға байланысты 2 елде 180 мың тұрғын қауіпсіз жаққа көшірілген.