Польшада Одер өзені тартылып барады
![Польшада Одер өзені тартылып барады](/media/k2/items/cache/8499b0bf36df299cf4e83a5579cb2f11_XL.jpg)
Польшада Одер өзені тартылып, балықтар қырылып жатыр, деп хабарлайды «Хабар 24».
Экологиялық дағдарысқа құрғақшылық себеп. Ал балықтар балдырдың көбеюінен өліп жатыр. Маусым айында өзеннен 1 тоннадан астам балық өлексесі шығарылған. Мұндай ахуал өңірде бірінші рет болып отырған жоқ. Былтыр да осы жерде ондаған тонна балық қырылған. Экологтар Польшада өзен-көлдердің 98%-інің жағдайы нашар дейді. Жауапты мекемелер қоршаған ортаны қорғау үшін бөлінетін қаражатты тиімді пайдаланбайды деп шағымданады мамандар.