Испанияда егістік суарудың көне тәсілі жаңғырды
45 градустан асатын қапырық ыстық Испанияның ауыл шаруашылық саласына зиянын тигізді.
Шаруалар егінді суарудың түрлі тәсілдеріне көшті. Бір қызығы, соның бірі - жаңа технология емес. Андалусия аймағының диқандары мың жылдық тарихы бар өте көне әдісті қолдана бастады.
Андалусия - Испанияның оңтүстігіндегі автаномиялық аймағы, кәрі құрлықтағы өзінің ең ыстық климатымен танымал. Биылғы жаз ерекше ыстық болып тұр. Өңір шаруалары егін суарудың жаңа технологиясынан бас тартуға мәжбүр болды. Оның орынына “асекии” ,- яғни көне ғасырлық тәжірибені қолдана бастады. Ерекшелігі сол, мыңдаған шақырымға созылған арық жүйелеріне су толтырады. Жиналған қар суы ерігесін егіс алқаптарына жіберіледі.
Хосе Мартин, жоба жетекшісі:
- Суарудың мұндай қарапайым әрі өте қолайлы түрін 8 ғасырдың басында испан жерін мекендеген арабтар қолданған екен. Су арнасы Сьерра-Невада тау жотасында шамамен 1,8 км биіктіктен басталады. Биіктерден еріген қар сулары жақын маңдағы ауылдарға ағады.
Көне тәсілдің пайдасын испан ғалымдары да мойындап отыр. Оның себебі де түсінікті: Жерорта теңізінде жаңбыр сирек жауады. Сондықтан судың көп бөлігі өзен мен теңізге құйылады. Ал жер суарудың көне түрі - су ағынын басқара отырып, арықтарды толтырады.
Уго Адриан, шаруа:
- Су қабырғасы дегеніміз - тау жыныстарынан су өткізбейтін, бірақ оны ұстап тұратын жердің таулы қабаттары. Сондықтан дамбамен салыстыруға келмейді. Әрине бұл тәсіл - тығырықтан толық алып шығады деп айта алмаймыз, бірақ құрғақшылық кезде көмегі бар.
Аида Қыдырбай, тілші
- Испаниядағы қуаңшылықты әдеттегіден 24 процентке аз түскен жауын мөлшері де асқындырып тұр. Әрине мұндай жағдай - ауылшаруашылық өнімдерінің бағасын арттыруға әкелмек. Құрғақшылықтың кесірінен зәйтүн майының әлемдегі ең ірі өндірушісі Испания - биыл өндірісін екі есе қысқартып, күзге салып бағаны көтереміз деп мәлімдеді.
Авторлары: Аида Қыдырбай, Дмитрий Рогач