АҚШ-тың кей өңірлерінде жауын-шашын мөлшерден көп түсіп жатыр
![АҚШ-тың кей өңірлерінде жауын-шашын мөлшерден көп түсіп жатыр](/media/k2/items/cache/2d60b84460786e71c7a7957df984c904_XL.jpg?t=20230703_040529)
Чикаго көшелерін су басып, көліктер жүре алмай тұрып қалды.
Қазір оларды шығару үшін тұрғындар эвакуаторлардың көмегіне жүгінуге мәжбүр. Ұлттық метеорология қызметі, алдағы күндері де жауын-шашын көп түсуі ықтимал дейді. Билік өкілдері тұрғындарға сақ болып, көлік қозғалысын шектеуге шақырады. Күн райының қолайсыздығынан ірі спорттық шара – “Чикаго Кабс” клубының ойыны кейінге шегерілді. Әзірге зардап шеккендер туралы ақпарат түскен жоқ.
Жапонияда рекордттық деңгейде жауын-шашын түсті
Жапонияның Ямагути өңірінде рекордттық деңгейде жауын-шашын түсті. Бірнеше қалашық су астында қалды. Соңғы деректерге қарағанда, бір адам көз жұмған. Ер адам су басқан көлігінен шыға алмай қалғаны анықталды. Тағы екі тұрғын із-түзсіз жоғалып кетті. Мына кадрларда Саньо-Онода қаласындағы Аса өзенінің арнадан шығып кеткенін көруге болады. Ямагути префектурасында бір тәулікте 300 мм-ге жуық жауын-шашын түскен. Мамандар бұл өңір үшін өте көп деп отыр. Тұрғындар болса, мұндай жағдайды бұрын көрмедік деп отыр.