Қытайдың Хубэй провинциясында лай көшкіні болды
![Қытайдың Хубэй провинциясында лай көшкіні болды](/media/k2/items/cache/bb960dfb20cae8eb5978d3c9f2b8588e_XL.jpg)
Қытайдың орталығында сел жүріп, салдарынан 1 адам қаза тапты, деп хабарлайды «Хабар 24».
Көлемі 500 мың текше метрден асатын лай көшкіні Хубэй провинциясындағы құрылыс алаңына ағып түсті. Үйінділердің астынан 5 адам құтқарылды. Қазір оқиға орнында іздестіру-құтқару жұмыстары жүргізіліп жатыр. 7 тұрғын із-түзсіз жоғалып кетті.