Австралияда тікұшақ апатынан сарбаздар көз жұмды
![Австралияда тікұшақ апатынан сарбаздар көз жұмды](/media/k2/items/cache/7510d93ccd58d051f6e3a09a48f9f5b5_XL.jpg?t=20230731_091817)
Австралияның солтүстік-шығысында тікұшақ апатынан кейін жоғалып кеткен 4 жауынгер қаза тапқан деп танылды.
Бұл туралы елдің қорғаныс министрі Ричард Марлз мәлімдеді. Жуырда осы тікұшақтың қирандылары табылған. Оқиға орнында іздестіру-құтқару операциясы ұйымдастырылды. Алайда ол нәтиже берген жоқ. Әуе құралы Австралия мен АҚШ әскерінің бірлескен жаттығуы кезінде апатқа ұшырады.