БҰҰ: Ыстықтан 460 млн балаға қауіп төндіріп тұр
![БҰҰ: Ыстықтан 460 млн балаға қауіп төндіріп тұр](/media/k2/items/cache/04a289e9bdb4a0d15c5d6b59184f9a88_XL.jpg)
Оңтүстік Азиядағы балалардың 75 пайызы аптап ыстықтан зардап шегіп отыр.
Яғни 460 миллион жеткіншектің денсаулығына қауіп төніп тұр. Мұндай мәліметті ЮНИСЕФ ұйымы жариялады. Әсіресе Ауғанстан, Бангладеш, Үндістан, Пәкістан мен Мальдив аралдарындағы балаларға қиын. Мамандар жеткіншектер температураның күрт өзгеруіне тез бейімделе алмайды, басынан күн өтеді, дейді. Сондай-ақ жүкті әйелдерге де қауіп жоғары. Олардың қан қысымы көтеріліп, тіпті түсік тастауы да мүмкін деп ескертеді дәрігерлер.