Германияда инфляция деңгейі артты
![Германияда инфляция деңгейі артты](/media/k2/items/cache/c11fe61335d3e31b640dc24b1422f71d_XL.jpg?t=20230809_092023)
Германияда инфляция деңгейі 6,2 пайызға жетті.
Бұған энергия көздері мен азық-түлік бағасының көтерілуі себеп. Әсіресе электр жарығының төлемі қатты қымбаттады. Шамамен 20 пайызға артқан. Ал тамақтан қант, бал, мармелад сияқты тәтті өнімдердің құны өскен. Сондай-ақ нан, көкөніс пен түрлі жармалардың да бағасы қымбат. Сарапшылар алдағы уақытта инфляция деңгейі төмендеуі мүмкін деп жориды.