Доминиканда зауыттағы жарылыстан үш адам көз жұмды
![Доминиканда зауыттағы жарылыстан үш адам көз жұмды](/media/k2/items/cache/e877c09a224ded9dd14bb4b5d20ef3c9_XL.jpg?t=20230815_082046)
Доминикан Республикасында пластик өндіретін зауытта жарылыс болды.
Салдарынан үш адам көз жұмды. Ішінде 4 айлық нәресте бар. Қайғылы оқиға оңтүстік провинциялардың бірінде болды. 28 адам түрлі жарақатпен ауыр күйікпен ауруханаға жеткізілді. Құқық қорғау органдары төтенше жағдайдың себебін білу мақсатында тергеу шараларын бастады.