Ресейдің Айдағы миссиясы сәтсіздікке ұшырады
![Ресейдің Айдағы миссиясы сәтсіздікке ұшырады](/media/k2/items/cache/0a0eede8b5a35d8d52594a7b8403a77b_XL.jpg)
Ресейдің кейінгі 47 жылда алғаш рет жасаған миссиясы сәтсіз аяқталды.
«Луна-25» ғарыш кемесі бақылаудан шығып, айға барып соғылған. Бұл туралы «Роскосмос» корпорациясы хабарлады. Аталған миссия айдың бетіне қонып, ертеңнен бастап оңтүстік полярға зерттеу жүргізуі керек еді.