Гуандун провинциясын су басты
![Гуандун провинциясын су басты](/media/k2/items/cache/391bfb9d5081cdaa42c15f5a7478a403_XL.jpg)
Тайваньда басталған «Хайкуй» тайфуны Гуандун провинциясына келіп жетті, деп хабарлайды «Хабар 24».
Құтқарушылар тұрғындарды қауіпсіз жерге эвакуациялауда. Абырой болғанда, ешкім зардап шеккен жоқ.
Айта кеткен жөн, 5 қыркүйекте Фуцзянь елді мекенін кесіп өткен жойқын дауыл салдарынан 136 адам зардап шекті, тағы 2 құтқарушы ажал құшты. 2,5 мыңнан астам үй қирады. Қазір Гуандун провинциясында тайфунның беті қайта бастады, бірақ ғалымдар ол қайта күшейе түсуі мүмкін екенін ескертеді.