Ауғанстанда жер сілкінісінен кейін жағдай күрделенді
![Ауғанстанда жер сілкінісінен кейін жағдай күрделенді](/media/k2/items/cache/a1128fa714ce78c1fa58d54de890ecbc_XL.jpg?t=20231012_052950)
Ауғанстанда зілзаладан кейін жағдай күрделене түсті.
Азық-түлік пен ауыз су тапшы. Дүмпулерден әбден қорқып қалған тұрғындар далада түнеп жүр. Төтенше жағдай мен құтқару қызметінің мамандары жетіспейді. 5 күннен бері жалғасып жатқан жойқын жер сілкінісі соңғы рет 6,3 баллмен тіркелді. БҰҰ мәліметінше, мұндай алапат апат соңғы 25 жылда алғаш рет болып отыр. 2 мыңнан астам адам қаза тапты. 11 елді мекендегі үй-жайлар түгел бүлінген. Жергілікті халық гуманитарлық көмекке мұқтаж.