Испания жағалауында 341 мигрант құтқарылды
![Испания жағалауында 341 мигрант құтқарылды](/media/k2/items/cache/313d032bbd4578e4de57213c4701eb3a_XL.jpg?t=20231018_052339)
Канар аралдарында 341 мигрант құтқарылды.
Оның 12-сі кәмелетке толмаған бала, 23-і әйел адам. Босқындар Оңтүстік Сахарадан Еуропаға қарай 4 шағын қайықпен шыққан. Елдің жағалау күзеті мигранттарды жақын маңдағы порттың біріне жеткізді. Испания Ішкі Істер министрлігінің мәлімдеуінше, көші-қон мәселесі әлі де ушығып жатыр. Келімсектер саны күн санап артуда, дейді.