Ташкенттегі қазақ тілі кафедрасына 70 жыл толды
Ташкенттегі Низами атындағы педагогикалық университетінің қазақ тілі мен әдебиеті кафедрасына биыл 70 жыл.
Оқу орны өткен ғасырдан бері Өзбекстанның білім саласына білікті мамандар даярлап келеді. Түлектер елдің әр түкпірінде еңбек етеді. Оның ішінде, ғылым докторлары мен кандидаттары жетерлік. Сондай-ақ журналистика саласында тынымсыз тер төгіп жүргендері бар. Қазір Низами университеті қазақ тілі мен әдебиеті пәні бағытында жылына 30-ға жуық маман даярлайды. Соның бір парасына мемлекеттік грант бөлінген.
Айта кетейік, Өзбекстанда 2018 жылы Абай мұрасын тану әрі кең насихаттауға арналған қаулы қабылданды. Сол құжат негізінде университет ұстаздары өлең жазудан түрлі шығармашылық сайыстар өткізуді қолға алып, кафедра жанынан Абай және өзбек әдебиеті музей-экспозиясы ашылды. Бүгінде бұл орын қазақ жастарының шығармашылық ортасына айналған.
Ергеш Әбдувалитов, Низами атындағы Ташкент педагогикалық университетінің кафедра меңгерушісі, педагогика ғылымдарының докторы:
- Қазақ мектептері Өзбекстанда 367. Соның 186-сы Ташкент облысында, 3 қазақ мектебі Ташкентте. Соларға біз білікті және әдіскер оқытушылар дайындауда аянбай еңбек етіп келеміз. Конференцияның негізгі мақсаты – Өзбекстандағы қазақ жастарына ана тілін үйретіп, оның достық кілті екенін ұғындыру. Қазақ тілін интенсив үйренеміз деген үйренеміз деген орталығымыз да бар.