Лампедуза аралы босқынға толды
![Лампедуза аралы босқынға толды](/media/k2/items/cache/fa1c7033ca56fed612f216950a9bceac_XL.jpg)
Италияның Лампедуза аралына ағылған мигранттар саны тағы да артты.
Бұл туралы осы елдің ішкі істер министрлігі хабарлады. Мәселен, соңғы 4 күннің өзінде аралға 1,5 мыңнан астам адам келіп жеткен. Билік өкілдерінің айтуынша, бұған ауа райының қолайлы болуы себеп.
Қазір Лампедуза аралы көші-қон дағдарысын бастан кешіп жатыр. Себебі мұнда заңсыз қоныс аударушылардың саны жергілікті халықтан екі есе артқан. Дерекке қарағанда аралға жыл басынан бері 130 мыңнан астам адам пана іздеп келіпті.