БҰҰ: Израильдің Газадағы әрекеті - геноцид

Израильдің Газа секторындағы әрекеті  -  геноцид.

БҰҰ арнайы комиссиясының баяндамасында осылай делінген. Құжат 72 беттен тұрады. Онда бейбіт тұрғындарды жаппай қыру, гуманитарлық көмекті шектеу, халықты күштеп көшіруге қатысты нақты деректер келтірілген. «Бұған Премьер-министр Биньямин Нетаньяху бастаған еврей билігі жауапты», - дейді комиссия өкілдері. Ал Израиль болса геноцидты керсінше ХАМАС жасамақ болды деп, айыптауларды жоққа шығарды.