Газа секторында құрбандардың саны 65 мыңнан асты
Газа секторында Израиль әскери операциясынан қаза тапқандардың саны 65 мыңнан асты. Тағы 160 мыңнан астам адам жарақат алған. Мұндай деректі жергілікті Денсаулық сақтау министрлігі келтірді.
Өлім-жітім саны ресми көрсеткіштен әлдеқайда жоғары болуы мүмкін. Себебі көптеген адамдар қирандылар астында қалып қойған. Еврей әскері бейбіт тұрғындар көп шоғырланған аудандарды атқылауды жалғастырып жатыр. Кейінгі бір тәулікте Рафахтағы гуманитарлық көмек көрсету орнына жиналған адамдарға оқ жаудырып, 5 тұрғын қаза болды. Сондай-ақ балаларға арналған ауруханаға дронмен бомба тасталды.