Еуроодақ Израильмен сауда келісімін тоқтатады

Еуроодақ Израильге қарсы жаңа санкциялар мен кедендік баж салығын енгізуді ұсынды. Құжатта екіжақты саудадағы бірқатар жеңілдіктерді уақытша шектеу көзделген.  Израильдің ұлттық қауіпсіздік министрі Итамар Бенгвир мен Қаржы министрі Бецалель Смотричке, сондай-ақ ХАМАС-тың бірнеше жетекшісіне жеке санкциялар салу қарастырылған.

Еуроодақтың сыртқы саясат жөніндегі ведомствоның басшысы Кая Каллас мәлімдегендей, бұл шаралар Газадағы гуманитарлық ахуалды жеңілдетуге бағытталған. Алайда бастамаға Одақ елдерінің барлығы бірдей қолдау білдірген жоқ. Германия мен Италия санкциялар пакетін жүзеге асыруға қарсы пікір танытты.