Талибан ғаламторға тыйым салды

Ауғанстанның солтүстігінде енді интернет жоқ. Талибан билігі бес бірдей провинцияда желіні толық өшіріп тастады. Мұны бейәдеп әрекеттердің алдын алу деп түсіндірді. Шектеу талшықты-оптикалық желіге қатысты, бірақ ұялы байланыс арқылы интернет әзірге қолжетімді. Дегенмен, кеңселер мен үйлер желіден ажырап, халық тұрмысын қиындатып отыр. Бұл шешім Талибан билікке келгеннен бері қабылданған ең қатаң шаралардың бірі болып отыр.