Мәскеуде «Интервидение» халықаралық байқауы өтеді
Ертең Мәскеуде халықаралық «Интервидение -2025» байқауы шымылдығын түреді, деп хабарлайды 24kz.
Қайта жанданған додаға 23 елдің таңдаулы деген таланттары іріктеліп алынған. Кіл мықтылар ішіндегі сайыста еліміздің атынан әнші Әміре өнер көрсетеді. Ол «Дала таңы» композициясын орындайды. Талапқа сай ұсынылған 10 нұсқаның ішінен осы туынды таңдап алынған. Әннің әуезін Әміренің өзі, ал сөзін ақын Саят Рахымжанов жазған. Сондай-ақ Қазақстан делегациясының құрамында Жасмин Қайратқызы да бар. Болашағынан үлкен үміт күттіретін жас өнерпаз сайыста ел намысын қорғайды.
Анастасия Кравченко, әнші:
- Қазақстандық өнерпаздар бізден кейін дайындықтарын пысықтады. Сол кезде ең кішкентай өнерпаздың сахнадағы шырқаған әні менің есімде әлі қалып қойды. Таңқалдым. Қандай талант. Ерекше орындауы жүректі тебірентіп қоймайды.