Ресей – Украина келіссөзі Мәскеуде жалғасады

АҚШ президентінің арнайы өкілдері Стивен Уиткофф мен Джаред Кушнер бүгін Мәскеуге барады. Ресми ақпар бойынша олар Ресей президенті Владимир Путинмен кездеседі, деп хабарлайды 24KZ.

Бұған дейін Абу-Дабиде АҚШ, Ресей және Украина арасында келіссөз өткен еді. Үшжақты келісім нәтижесінде тараптар тұтқын алмасуға уағдаласты. Енді соның нақты мерзімі мен егжей-тегжейі Ресейда талқыланбақ. Сондай-ақ алдағы уақытта келіссөздің форматы кеңеюі мүмкін. Вашингтон келіссөзге Еуропа елдерін де тартқысы келеді. Мәскеу сапарынан соң Уиткофф пен Кушнер Дублинге аттанады. Алдын ала ақпарат бойынша, мұнда Украина президенті Владимир Зеленскиймен кездесу жоспарланған.

Сондай-ақ оқыңыз: