Кушнер мен Уиткофф Мәскеуде Путинмен кездесті

АҚШ президентінің арнайы өкілдері Джаред Кушнер мен Стив Уиткофф Мәскеуде Ресей президенті Владимир Путинмен кездесті, деп хабарлайды 24KZ.

Reuters мәліметінше, тараптар Украина бойынша ымыраға келу мәселесін талқылады. Абу-Дабидегі келіссөзде қозғалған тақырыптар да қаралды. Мәскеудегі кездесуден кейін америкалық делегация Дублинге аттанады. Ирландия астанасында Владимир Зеленскиймен жүздесу жоспарланған. Жуырда Ресей, Украина және АҚШ өкілдері Біріккен Араб Әмірліктерінде үшжақты келіссөз жүргізді. Қатысушылар бір-бірімен түсіністік деп жариялады. Алайда ол нақты уағдаластыққа жалғасқан жоқ.

Сондай-ақ оқыңыз: