Ұлыбритания барлау агенттерін онлайн тарта бастады

Британдық M-I-6 агенттігі Silent Courier атты жаңа онлайн-порталды іске қосты.

Ол даркнет арқылы тыңшылық жүргізіп, құпия ақпаратты алу үшін жасалған. Портал әсіресе Ресей тыңшыларына бағытталады. Қызмет Tor браузері арқылы жұмыс істеп, пайдаланушыларға анонимді хабарламалар алуға мүмкіндік береді. Компания басшылығы портал арқылы жаңа агенттерді тартуды және әлем бойынша барлау мүмкіндіктерін кеңейтуді көздеп отыр.