Ұлыбританияда азық-түлік бағасы шарықтады

Ұлыбританияда азық-түлік бағасы қатарынан бесінші ай өсіп отыр. Ресми мәліметтерге сәйкес, баға жылдық орташа есептен 5.1%-ға артқан.

Бұл өткен жылдың басынан бергі ең жоғары көрсеткіш екен.

Соңғы бір жылда сиыр етінің бағасы 24.9%-ға өсті. Сары май 18.9%-ға, ал шоколад пен кофе 15.4%-ға қымбаттады. Бұған қоса сүт өнімдерінің де бағасы 12.6%-ға артқан. Дегенмен басқа тауарлар мен қызмет түрлері қымбаттамаған. Соның арқасында елдегі жалпы инфляция  3.8% деңгейінде қалып отыр. Ұлыбританиядағы баға өсімі Франция мен Германия секілді алдыңғы қатарлы еуропалық елдермен салыстырғанда едәуір жоғары.

Ең көп қымбаттаған өнімдер:

Сиыр еті - 24.9%

Сары май - 18.9%

Шоколад пен кофе - 15.4%

Сүт өнімдері - 12.6%

Дереккөз: Office for National Statistics