Италия тұрғындары шеруге шықты

Италияда мыңдаған адам Газа секторындағы қырғын тоқтасын деген ұранмен шеруге шықты.

Рим қаласындағы Термини теміржол вокзалының маңына жиналғандардың қарасы көп. Шерушілер Израильге қарсы санкция енгізуді талап етуде. Сөздерінше, палестиналықтар үшін ғана емес, күллі әлемге қауіп төндіріп отырған Израильмен өзге мемлекеттер экономикалық, академиялық, әскери, саяси байланыстарын үзуі тиіс. Наразылық  шарасы елдің 60 қаласында өтіп жатыр.