ХАМАС Трампты бітімге келуге шақырды

ХАМАС АҚШ-қа атысты тоқтату және тұтқындарды босату жөнінде жаңа бітім жоспарын ұсынды. 60 күндік бітім шарты бойынша 10 тұтқын босатылады. Сонымен қатар ХАМАС екі америкалық тұтқынның мүрдесін қайтарады. Есесіне, АҚШ-тың гуманитарлық көмекті кепілдендіруін сұрап отыр. ХАМАС көшбасшылары Дональд Трампқа да хат жолдап, тұтқындардың жартысын босатуға дайын екенін мәлімдеді. Келіссөз жалғасып жатыр.