Шэньчжэнь саммиті басталды

Қытайдың Шэньчжэнь қаласында Азия-Тынық мұхиты экономикалық ынтымақтастығы саммиті басталды. Бүгін осы жиын аясында Дональд Трамп, Си Цзиньпин және Владимир Путин кездеседі. Ал Қытай, АҚШ және Ресей басшыларының кездесуі, тарихта алғашқы жағдай. Кездесу сәлден соң басталады.

Кремль өкілі Дмитрий Песковтың айтуынша, көшбасшылардың бұл басқосуына бір сағаттан аспайтын уақыт бөлінген. Айта кетейік, АҚШ Президенті Дональд Трампты әуежайда Қытай төрағасы Си Цзиньпин өзі күтіп алды. Ал Ресей басшысы Владимир Путинді Қытай Коммунистік партиясы Орталық комитеті Саяси бюросы Тұрақты комитетінің мүшесі Цай Ци қарсы алған болатын. Кейін Си Цзиньпин мен Путин жеке екіжақты келіссөздер өткізіп, өзара сауда айналымы 200 миллиард доллардан асқанын, және екі ел арасындағы ынтымақтастық одан әрі нығая түсетінін мәлімдеді. 

Ал кешкі салтанатты қабылдауда Дональд Трамп пен Владимир Путин өткен жазда Аляскада өткен кездесуден кейін алғаш рет бетпе-бет жүздесіп, қол алысты. Бүгінгі үшжақты келіссөздерде, тараптар ядролық қарусыздану, Украинадағы соғыс, сонымен қатар жаһандық қауіпсіздік пен экономикалық мүдделер тепе-теңдігін талқылайды.

Сондай-ақ оқыңыз: