Газада әр үшінші адам аштық азабын тартып жатыр
Газа секторында тұрғындардың әр үшіншісі аштықта өмір сүріп жатыр. Бұл жөнінде БҰҰ хабарлады. Гуманитарлық ахуалдың күрт нашарлауына Израильдің көмек жеткізу миссияларын шектеуі себеп болып отыр. Салдарынан азық-түлік тарату орталықтарының және медициналық мекемелердің жартысына жуығы жұмысын тоқтатты. Мамыр айынан бері көмек алу кезінде 1300-ден астам палестиналық қаза тапты.
Бұған қоса, аштықтан 450 адам көз жұмды. Оның 150-і балалар. Алайда Израиль премьер-министрі Биньямин Нетаньяху бұл мәлімдемелерді жоққа шығарып, әскери әрекеттер тек ХАМАС-қа қарсы бағытталғанын алға тартады. БҰҰ-ның Балалар қоры (ЮНИСЕФ) дереу атысты тоқтатып, халықаралық гуманитарлық құқықты қатаң сақтауға шақырды.