ЮНИСЕФ Газа балалары үшін жылу жинайды

Газада мыңдаған бала аштықтан көз жұмуы мүмкін. Осындай болжам жасаған ЮНИСЕФ жылу жинауға кірісті. Әлеуметтік желілерде тараған бұл ақпарды Қордың Қазақстандағы өкілдігі ресми хабарлады.

«Газада ашаршылық ресми түрде расталды. Бұл қолдан жасалған апат жарты миллионнан астам адамды аштыққа ұшыратты. Балалар ең үлкен қауіп-қатерге душар болды» делінген жазбада.