Грис мұздығы жойылуы мүмкін
Швейцарияда ұзындығы бес шақырымнан асатын Грис мұздығы жылдам еріп барады. Соңғы бір жылдың өзінде мұздың қалыңдығы алты метрге азайған. Ғалымдар: «Бес жылдан кейін бұл жерде мұздық мүлде қалмауы мүмкін», - дейді. Бұған климаттың өзгеруі мен қуаңшылық әсер еткен. Метеорологиялық ұйымның есебіне сәйкес 1990-шы жылдардан бері елдің барлық аймағында мұздықтардың еруі жиілеген.