Сирияда орман өрті өршіп тұр

Сирияның Латакия таулы-орманды өңірінде өрт сөндірушілер төрт күн бойы жалынмен арпалысып жүр, деп хабарлайды 24kz.

Алапат өрт аймақтың бірнеше алқабын шарпыған. Отпен күреске жүздеген құтқарушы жұмылғанымен, әзірге ырыққа көнер емес. Еріктілердің ішінде бір адам ауыр жарақат алып, қайтыс болды. Латакиядағы Төтенше жағдайлар басқармасының директоры Абдул Кафи Каялдың айтуынша, от бір мезетте бірнеше жерде тұтанған. Таулы аймақтың бедері мен желдің күшеюі өрттің жаңа аумақтарға қарай таралуына әсер етіп, жағдайды қиындатып отыр.