Жемқорлық деңгейінің жаһандық көрінісі
Transparency International дерегіне сәйкес, жемқорлық көрсеткіші ең жоғары елдердің қатарында Оңтүстік Судан, Сомали және Венесуэла бар.
Ал Дания, Финляндия және Сингапур әлемдегі ең төмен көрсеткішке ие мемлекеттер ретінде танылды. Халықаралық валюта қорының мәліметінше, жемқорлық көбіне экономикалық жүйенің ашық еместігінен туындайды. Мәселен, мемлекеттік органдардың бизнеске тым көп араласуы, заңдар мен ережелердің күрделілігі немесе кәсіпорындарды жекешелендіру барысында әділдіктің сақталмауы жемқорлыққа жол ашады. Мұндай жағдайда артық рәсімдер мен шектеулерді айналып өту үшін пара беруге немесе бейресми келісімдерге жүгіну қаупі жоғарылайды.
Жемқорлық көрсеткіші ең жоғары елдер
1. Оңтүстік Судан
2. Сомали
3. Венесуэла
Жемқорлық көрсеткіші ең төмен елдер
1. Дания
2. Финляндия
3. Сингапур
Жемқорлықтың басты себептері:
Бюрократия
Заңдарды жақсы білмеу
Ашықтықтың жеткіліксіздігі
Дереккөз: Transparency International, International Monetary Fund