Б.Нетаньяху мінген ұшақтың бағыты өзгерді
Биньямин Нетаньяху Нью-Йорктегі Біріккен Ұлттар ұйымы Бас Ассамблеясының сессиясына қатысу үшін Еуропаның бірқатар елін айналып ұшқан.
Израиль премьері Халықаралық қылмыстық соттың тұтқындауынан қорқады. Шетелдік ақпарат құралдары осылай деп жазды. Нетаньяху мінген ұшақтың қозғалысы FlightRadar қызметінде анық көрінеді. Ұшақ әдеттегі Орталық Еуропа бағытының орнына, Жерорта теңізі арқылы өтіп, Грекия мен Италияның әуе кеңістігін пайдалаланған. Артынша Франция аумағынан айналып өткен. Трамп пен Израиль премьер-министрінің кездесуі 29 қыркүйекке жоспарланған. Онда ресми Тель-Авивтің Газа секторына қатысты шабуыл жоспары талқыланбақ.