Әлемдік теңіз тасымалында дағдарыс басталды

Бұл туралы БҰҰ-ның Сауда және даму конференциясында мәлім болды. 

Ұйымның бас хатшысы Ребекка Гринспанның айтуынша, қазір кемелер Қызыл теңізден бұрынғыдай мерзімде күнде өте алмайды. Өйткені арнаның өткізу мүмкіндігі 70 пайызға төмендеген. Сондықтан кемелер Африканың оңтүстігіндегі Қайырлы үміт мүйісін айналып өтуге мәжбүр. Салдарынан теңіз рейстерінің орташа қашықтығы едәуір ұлғайды. Кеме жалдау құны өсіп, порттардың жұмысында іркіліс жиі туындап жатыр. «Бұл жайттар әлемдік теңіз саудасының құрылымын түбегейлі өзгертіп жатыр» - дейді ұйым өкілдері. Мұндай жағдай соңғы рет 1967 жылы Суэц каналы жабылғанда болған.