Ресейге баратын еңбек мигранттары азайды
Шетелде жұмыс істейтін өзбекстандықтардың саны былтырғымен салыстырғанда 34 пайызға төмендеді. Ал Ресейге баратындар тіпті екі есеге азайып кеткен. Оған себеп көп.
Ресми Мәскеудің мигранттарға қатысты қазіргі ұстанымы Орта Азиядан ағылатын жұмыс күшінің кемуіне әкеп отыр. Есесіне өзбекстандықтар Хорватия, Словакия, Сербия мен Катар сияқты жаңа бағыттарға аттанып жатыр. Жалпы көрші елдің 2 млн-ға жуық азаматы шет елдерде жұмыс істейді. Олардың дені Ресей мен Қазақстанда нәпақаларын тауып жүр. Тақауда Дүниежүзілік банк Тәжікстанның миграциялық саясатына қатысты зерттеу жүргізіп, ұсыныстарын айтты. Баяндамада мемлекет еңбек мигранттарын шетелге жіберуін азайтпаса, экономикалық ілгерілеу болмайды. Инвестиция тартып, жаңа жұмыс орындарын ашу маңызды-делінген құжатта.