АҚШ дәрі импортына 100% салық енгізеді
АҚШ 1 қазаннан бастап шетелден әкелінетін фармацевтикалық өнімдерге 100 пайыздық кедендік баж салығын енгізеді.
Ақ үй басшысы қабылданған шешім отандық өндірісті дамыту және ішкі нарықтағы бағаның тұрақтылығын қамтамасыз етудің амалы. Жаңа ереже АҚШ-та өндіріс орындарын салып жатқан компанияларға әсер етпейді. Бұған дейін Трамп дәрі-дәрмек бағасын 59-90 пайызға дейін төмендетуді көздейтін жарлыққа қол қойған болатын.