Ең сапалы мұнай қайда өндіріледі?
Жалпы әлемдегі ең сапалы мұнай үштігі: Brent, WTI және Arab Light. Солтүстік теңізде өндірілетін Брент мұнайы – әлемдік бағаға ықпал ететін шикізаттың бірі.
Ал АҚШ-та өндірілетін «Уест Тексас Интермедиат» мұнайы автокөлік жанармайы мен әуе отыны өндірісінде кең қолданылады. Сауд Арабиясы ұсынатын Arab Light алдыңғы екі мұнай түріне қарағанда күрделі өңделеді, бірақ тұрақты жеткізіледі және нарықтағы үлесі зор болғандықтан маңызды стратегиялық ресурсқа айналып отыр. Жаһандық мұнай тұтынудың 60%-ы дәл осы мұнайдың үш түріне тиесілі.
Әлемдегі ең сапалы мұнай түрлері:
1. Brent (Солтүстік теңіз)
2. West Тexas Іntermediate (АҚШ)
3. Arab Light (Сауд Арабиясы)