Отандық тауар Қытайға көптеп жеткізілмек
Бұдан былай қазақстандық өнімді Қытайға там-тұмдап емес, молынан жөнелтуге болады.
Қазтрейд сауда саясатын дамыту орталығы қытайдың China Coop корпорациясымен келісімге келді. Отандық бал, қымыз, шұбат пен кондитерлік өнімдер алдағы уақытта көрші елдің бөлшек саудасына шығарылмақ. Қазтрейд сауда саясатын дамыту орталығының төрағасы мен Жалпықытайлық тұрмыстық және маркетингтік кооперативтер федерациясының басшысы Алматыда кездесіп, қазақстандық тауарды шығыстағы көрші елге саудалау жоспарын талқылады.Айта кету керек, China Coop корпорациясына 340 мың сауда желісі қарайды. Олардың жылдық сауда айналымы 7 трлн юань шамасында.