Американдықтар Трампты сотқа берді
АҚШ-тың Орегон штаты Дональд Трампты сотқа берді.
Басқарма өкілдерінің мұндай шешім қабылдауына Трамптың Портленд қаласына федералдық әскер кіргізуі себеп. Аймақ губернаторы Тина Котектің мәлімдеуінше, президенттің иммиграциялық нысандарды күзету үшін әскер орналастыруға заңды құқығы жоқ. Ал Трамп мұны қылмысты азайту үшін жасағанын айтады. Бірақ ресми деректерге сай, биыл Портлендте кісі өлімі былтырғымен салыстырғанда 51 пайызға төмендеген болып шықты.
Тина Котек, Орегон штатының губернаторы:
- Бізге федералды әскердің еш қажеті жоқ. Олар келген күннің өзінде ештеңе өзгермейді. Керісінше келеңсіздіктер одан сайын дендеуі мүмкін. Қазіргі ахуал толық бақылауда. Мұндай әрекет біздің дербес басқару құқығымызға қол сұғады. Жергілікті полиция жұмысына тосқауыл болады. Әрі салық төлеушілердің қаржысын босқа шығындайды.