Венесуэла АҚШ-тан қорғануға дайын

Венесуэла қауіпсіздігін күшейтіп жатыр.

Президент Николас Мадуро тиісті Жарлыққа қол қойды. Бұл туралы Вице-президент Дельси Родригес мәлімдеді. Осылайша мемлекет сыртқы тәртіпсіздіктер мен өзге мемлекеттердің араласуына тосқауыл қоймақ. Шара АҚШ-тың Кариб теңізіне Әскери-теңіз күштерін орналастыруына байланысты қабылданды. Вашингтон бұл әрекетін есірткінің заңсыз айналымымен күресуге бағытталғанын түсіндірген еді. Алайда Мадуро үкіметі мұнымен келіспейді.